АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитетінде 15 қаңтарда өткен тыңдауда сенаторлар Украина оппозициясын қудалауға қатысы бар украин билігінің өкілдеріне қарсы санкция салу, оның ішінде виза бермеу жайлы ескерту жасады.
"Халықаралық қатынастар комитеті еркіндікке деген ұмтылысы көшеге шығуға итермелеген адамдардың үндеуіне құлақ аспай тұра алмайды" деп мәлімдеді комитеттің басшысы, сенатор Роберт Менендес. Ол сенат Ақ үйдің реакциясын күтпей-ақ өз санкциясын енгізуе даяр екенін айтты.
Ол "егер Янукович үкіметі азаматтарына қарсы әрекетін жалғастыра берсе, оппозицияны қудалауға қатысы барларға санкция салып, виза беруден бас тарту жағын қарастыратынын" ескертті.
Сенаттағы тыңдауға мемлекеттік департамент өкілі Виктория Нуланд пен президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Збигнев Бжезинский де қатысты.
Киевте демонстранттармен екі рет кездескен Нуланд Януковичті Халықаралық валюта қорымен Украинаға жаңа займдар беру туралы келіссөздерді жалғастыруға шақырды.
Бжезинский егеменді, демократиялық Украинаның Еуропамен жақын қарым-қатынас орнатуы Ресейдің Еуропаға қарай жақындауына ықпал ететінін айтты.
"Украинаның Еуропаны таңдау құқығын қорғау Ресеймен саяси қақтығысқа түсу емес, қайта Ресейдің ұзақ мерзімді шынайы мүдделерін қорғау болып саналады" деді ол.
15 қаңтарда Киев сотының қала басшылығының сұрауы бойынша қала орталығында бейбіт шерулер мен жиындар өткізуге тыйым салғаны белгілі болған. Киевтің орталығындағы алаңдарда өткен жылғы қарашаның ортасынан бері биліктің Еуропа Одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқанына наразылық шерулері өтіп келеді.