Вьетнам Ресеймен бірлесіп салатын атом электр станциясының (АЭС) құрылысын кейінге шегерді. Вьетнам мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ханойды АЭС-тің қауіпсіздігі мен тиімділігі алаңдатады.
Вьетнам Ресейдің мемлекеттік "Росатом" компаниясының еншілес "АтомСтройЭксперт" кәсіпорнымен Ниньтуан провинциясында АЭС салуға келісім жасасқан. Келісім бойынша Ресей АЭС жобасына 8 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие бөліп, оның құрылысы 2014 жылы басталуы тиіс еді.
Бірақ бүгін Вьетнам премьер-министрі Нгуен Тан Зунг АЭС құрылысы оның тиімділігін арттырып, қауіпсіздік талаптарын жоғары деңгейге жеткізу үшін 2020 жылға шегерілуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Вьетнам 2030 жылға дейін жеті АЭС салуды жоспарлаған. Бірақ билік 2011 жылы Жапонияның Фукусима АЭС-індегі апаттан соң атом қауіпсіздігі мәселесіне алаңдай бастаған.