Accessibility links

Пәкістан Сват алқабында әскери база ашпақ


Пәкістанның Сват алқабы. (Көрнекі сурет)
Пәкістанның Сват алқабы. (Көрнекі сурет)
Пәкістан елдің солтүстік-батысындағы Сват алқабында әскери база орналастырмақ. Бұл туралы 15 қаңтарда Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф мәлімдеді.

Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Сват алқабы Пәкістанның тұрақсыз аймақтарының бірі саналады. Мұнда 2012 жылдың қазанында Талибан өкілдері қыздардың білім алуын белсенді насихаттайтын мектеп оқушысы Малала Юсуфзайға оқ атып, қастандық жасаған еді.

Маулана Фазлуллах жетекшілік ететін "Техрик-э-Талибан Пәкістан" тобы 2007 жылы Сват алқабына қабылау орнатқан. 2009 жылы шілдеде Пәкістан армиясы оларды алқаптан ығыстырып шығарған.

Бірақ соған қарамастан Талибан жасақтары мұндағы қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарға оқтын-оқтын шабуылдап тұрады.

Қазір Сват алқабы мен оның маңында 20 мыңнан астам Пәкістан әскері шоғырланған.
XS
SM
MD
LG