Accessibility links

Ресей-ЕО саммитінің мерзімі қысқарды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Ресей-Еуропа Одағы саммитінде. Екатеринбург, 4 маусым 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Ресей-Еуропа Одағы саммитінде. Екатеринбург, 4 маусым 2013 жыл.
Ресей мен Еуропа Одағы (ЕО) басшыларының қаңтардың соңында Брюссельде өтетін саммитінің уақыты қысқарды. Саммит Ресей президенті Владимир Путин, Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу және басқа да басшылары қатысатын қонақасын қоса алғанда екі күнге (27-28 қаңтар) созылады деп жоспарланған еді.

Бірақ саммит 28 қаңтар күні бірнеше сағатқа қана созылатыны белгілі болды.

Еуропа одағы комиссиясының ресми өкілі Майя Кочиянчич саммит форматы "соңғы кездері болып жатқан жағдайларға байланысты" өзгергенін және оған қатысушылар нақты мәселелерден гөрі "ЕО мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа терең үңілетінін" айтты.

Брюссель мен Мәскеудің қарым-қатынасы Украинаға қатысты салқындап кеткен еді. Украина 2013 жылы қарашада Вильнюсте ЕО-мен ассоциация келісіміне қол қоймақ болған. Бірақ соңғы сәтте Украина бұл жоспардан бас тартты. Кейбір сарапшылар Украина билігіне Кремль қысым жасаған деп санайды.
XS
SM
MD
LG