Accessibility links

Сирия: Алеппода соғысты тоқтату жоспары жасалды


Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 17 қаңтар 2014 жыл
Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 17 қаңтар 2014 жыл
"Сирия билігі көтерілісшілермен соғыс тұтқындарын алмастыруға дайын" деп мәлімдеді Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде. Оның сөзінше, Дамаск Сирия түрмелерінде отырған көтерілісшіл тұтқындарды қарсы жақ ұстаған тұтқындармен алмастыруға ниетті.

Муаллем бұған қоса Ресейге Сирияның ең ірі Алеппо қаласында соғыс қимылдарын тоқтату жоспарын тапсырғанын да айтты.

22 қаңтарда Женевада Сирияда бейбітшілік орнату жөнінде халықаралық конференция өтпек.

Бүгін Сирияның басты саяси оппозициялық күші - Сирия ұлттық коалициясы Стамбулда Женевада өтетін конференцияға бару-бармау мәселесін талқылауға жиналып жатыр.

АҚШ пен оның одақтастары коалицияны құрамынан бірнеше саяси топтар шығып кетсе де бейбіт конференцияға қатысуға көндіріп бағуда. АҚШ мемлекетітк хатшысы Джон Керри кеше Вашингтон коалицияның конференцияға қатысуды қолдайтынынан үмітті екенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG