Accessibility links

Кабулда мейрамхана жарылып, 21 адам қаза тапты


Оқиға орнына келген Ауғанстан полициясы. Кабул, 17 қаңтар 2014 жыл.
Оқиға орнына келген Ауғанстан полициясы. Кабул, 17 қаңтар 2014 жыл.
17 қаңтар күні Кабулда мейрамхана жарылып, соңғы ақпараттар бойынша 21 адам қаза тапты. Олардың ішінде шетелдіктер саны - 13.

Ауған билігінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында Халықаралық валюта қорының - бір, БҰҰ-ның төрт қызметкері бар. Төрт-бес адам жараланған.

Полиция мәліметі бойынша, мейрамханада жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Бұдан соң белгісіз екі адам мейрамханаға кіріп, онда отырған адамдарға оқ атқан.

Шабуылға ұшыраған мейрамханаға көбінесе шетелдіктер келеді. Өйткені, мейрамхана елшіліктерге жақын орналасқан.

Шабуылды "Талибан" қозғалысы мойнына алды. Олардың өкілі Забихуллах Муджахид Twitter-де мейрамханадағы жарылыстың "14 қаңтар күні АҚШ ұшақтарының Парван провинциясында жасаған әуе шабуылдарына жауап" екенін жазған. Әуе шабуылы кесірінен бейбіт тұрғындар қаза тапқан еді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Кабулдағы мейрамханаға жасалған шабуылды айыптады. Ол "бейбіт азаматтарға шабуыл жасау - халықаралық заңдарды өрескел бұзу" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG