Accessibility links

Ирак әскері содырларға шабуылды күшейтті


Тұрмыс заттарын көлігіне артып, Фаллуджа қаласынан қашып бара жатқан тұрғын. Ирак, 17 қаңтар 2014 жыл.
Тұрмыс заттарын көлігіне артып, Фаллуджа қаласынан қашып бара жатқан тұрғын. Ирак, 17 қаңтар 2014 жыл.
Ирактың Анбар провинциясында үкімет әскері және сүннит тайпаларының өкілдері 17 қаңтар күні "Әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар, үкіметке қарсы содырларға шабуылды күшейтті.

Фаллуджа қаласында түнімен атыс болған. Үш адамның қаза тапқаны, 34 адамның жараланғаны хабарланды. Ұрыстар кесірінен адамдар қаладан жаппай қашқан.

Рамадиде үкімет әскері қаладағы стадион мен оның қасындағы полиция бекетін содырлардан босатқан. Альбу Бали ауылының маңында да содырларға шабуыл жасалып жатыр. Анбар мен Кербала провинциясының арасындағы аудандарда да соғыс қимылдары болған.

Өткен айдың соңында Анбар провинциясының Рамади және Фаллуджа қалаларын содырлар басып алған еді.
XS
SM
MD
LG