Accessibility links

АҚШ Кабулдағы шабуылды айыптады


Оқиға орнына келген ауған жасағы. Кабул, 17 қаңтар 2014жыл.
Оқиға орнына келген ауған жасағы. Кабул, 17 қаңтар 2014жыл.
АҚШ Кабулдағы шетелдіктер көп баратын мейрамханаға шабуылды айыптады.

17 қаңтар күні Кабулда мейрамхана жарылған еді. Ақпараттар бойынша 21 адам қаза тапқан. Олардың 13-і - шетелдіктер. Төрт-бес адам жараланған.

18 қаңтар күні Ақ үй баспасөз хатшысы "Бұл шабуылды ешкім ақтап немесе жақтауға тиіс емес. Шабуыл кесірінен кінәсіз бейбіт адамдар қаза тапты. Оның ішінде АҚШ азаматтары да мерт болды. Ол адамдар Ауғанстан халқына экономикалық тұрғыда көмектесу үшін, осы елдің болашағы үшін, ауған халқына жоғары білім беру үшін еңбек етіп жатқан Америка университеті, БҰҰ және Халықаралық валюта қорының өкілдері еді" деген.

Ақ үй "Ауғанстан қауіпсіздік жасақтарының шабуылдан кейінгі жылдам әрі пайдалы әрекеттеріне алғыс" айтады.

Ақ үй мәлімдемесінде "Біз "Талибан" қозғалысын қаруларын өткізуге, бейбіт келіссөздерді бастауға, сол арқылы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге" шақырамыз" дейді.
XS
SM
MD
LG