Accessibility links

Обама: АҚШ-Германия достығын "тыңшылық дауы" бұза алмайды


АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама 18 қаңтар күні ZDF неміс телеарнасына "тыңшылық дауына бола АҚШ-тың Германиямен қатынастарының бұзылуына жол бермейтінін" айтты.

Обама "бұл міндетті өз мойнына алатынын" мәлімдеді.

Обама телеарнаға интервьюді "АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің Еуропа азаматтарын аңдиды, тіпті Германия канцлері Ангела Меркельдің телефон әңгімелерін де тыңдаған" деген ақпаратқа қатысты берген.

Обама "Меркельмен тығыз қарым-қатынас орнатқанын" айтып, "сенімді қарым-қатынастарға көлеңке түсіруге жол бермегенін" мәлімдеген.

Обама "Мен АҚШ президенті болып тұрғанда Германия канцлері алаңдамасын" деген.
XS
SM
MD
LG