Accessibility links

Түркіменстан халықты тегін газбен қамтамасыз етуді тоқтатады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ақсақалдармен кездесіп тұр. Түркіменстан, 23 қараша 2013 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ақсақалдармен кездесіп тұр. Түркіменстан, 23 қараша 2013 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халықты тегін газбен қамтамасыз ету саясаты тоқтататынын мәлімдеді.

Бердімұхамедов бұдан ары тұрғын үйлерге газ есептегіш құрылғылар орнатылатынын айтты. Президенттің айтуынша, құрылғылар тұрғындардың газды үнемдеуіне әсер етеді".

Бірақ Бердімұхамедов тегін газдың қай күні тоқтатылатынын айтпаған. Түркіменстандағы тұрғынүй шаруашылықтарына тегін газ бен су құбырлары, электр желілері 1993 жылы тартылған.

Түркіменстан президенті былтыр бұл саясаттың 2030 жылға дейін жалғасатынын айтқан еді.

Түркіменстанда 5 миллиондай адам тұрады. Халқы шағын бұл мемлекет табиғи газ қорынан әлемде 4-орын алады. Билік соңғы айларда халыққа берілген бұл субсидиялар өте қымбатқа түскенін айта бастаған еді.
XS
SM
MD
LG