Accessibility links

Киевте Азаттық тілшілері ұсталды


Демонстранттар мен милицияның қақтығысы. Киев, 19 қаңтар 2014 жыл.
Демонстранттар мен милицияның қақтығысы. Киев, 19 қаңтар 2014 жыл.
Киевте Азаттық радиосы Украин қызметінің екі журналисі ұсталды. Бұл туралы ұсталған журналистердің бірі телефон хабарламасы арқылы айтты.

Журналист бұған қоса өзі мен әріптесін ұстаған кезде милицияның қол жұмсағанын да айтты. Қазір олар милиция автобусында қамауда отыр.

Журналистер бүгін таңертең Киевтің орталығындағы Грушевский көшесіндегі демонстранттардың милициямен қақтығысынан тікелей хабар таратып жүрген. Тілшілер ұсталған соң Азаттық радиосының Украин қызметі сайтындағы трансляция үзіліп қалды.

Киевтегі үкіметке қарсы наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр. 19 қаңтар, жексенбіде елде жиын өткізуді шектейтін заңның қабылдануына наразылық танытып жиналған мыңдаған демонстрант полициямен қақтығысқан еді.
XS
SM
MD
LG