Қырғызстан Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасының даулы тұсына жақын жерде резервке шығарылған әскери қызметкерлердің жаттығуын өткізіп жатыр.
Қырғызстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығу өткен жексенбіде басталған. Жаттығуға аймақта тұратын 50-ге толмаған барлық ер азамат жұмылдырылған. Жергілікті армия бөлімшелері де жаттығуға қатысып жатыр.
Өткен аптада Бішкек Тәжікстанмен шекарадағы жанжалдан соң Душанбедегі елшісін шақыртып алған.
Тәжікстан билігі Қырғызстан өткізіп жатқан жаттығуға қатысты түсінік бермеді.