Accessibility links

HRW: Орталық Азияда адам құқықтары өрескел бұзылады


Human Rights Watch ұйымының белгісі.
Human Rights Watch ұйымының белгісі.
Орталық Азиядағы адам құқықтарының өрескел бұзылуына батыс елдері алаңдаушылығын білдіріп, аймақ елдерінің үкіметтерін жағдайды жақсартуға шақыруы тиіс. Бұл туралы АҚШ-та орналасқан Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының әлемдегі адам құқықтарының жай-күйі туралы бүгін жариялаған жыл сайынғы есебінде айтылады.

HRW есебіне қарағанда, Қазақстанда адам бостандығына 2011 жылы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасынан кейін қатер төне бастаған.

Ұйым 2013 жылы Түркіменстан мен Өзбекстан "әлемдегі адам құқықтарын ең өрескел бұзатын елдер қатарында қалды" деген баға берген. Ұйым өкілі Хью Уильямсонның айтуынша, өткен жылы халықаралық Қызыл крест ұйымы Өзбекстаннан кетіп қалған. Оған халықаралық ұйымның Өзбекстандағы түрмелерге кіруге рұқсат ала алмай, өз қызметін атқара алмауы себеп болған.

Ал Қырғызстан үкіметінің "адам құқықтарына қатысты кейбір салаларда жағдайды жақсартуға тырысып жатқаны" айтылады.

HRW Тәжікстанда өткен сайлаулар "еркін және әділ түрде болмады" деп сынап, билікті "діни топтарды үкімет енгізген қатаң ережелер бойынша қызмет етпеді деп қудалады" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG