Accessibility links

Полицейдің әкесінің шағымы орындалмады


Қаза тапқан полицей Әділет Тұрсынбеков (сол жақ) пен әкесі Алшынбай Ыбырай. (Әкесінің сот залына әкелген суреті). Алматы, 30 қаңтар 2013 жыл.
Қаза тапқан полицей Әділет Тұрсынбеков (сол жақ) пен әкесі Алшынбай Ыбырай. (Әкесінің сот залына әкелген суреті). Алматы, 30 қаңтар 2013 жыл.
Жоғарғы соттың кассациялық алқасы екі жыл бұрын кісі қолынан көз жұмған ақтаулық полицей Әділет Тұрсынбековтің әкесі Алшынбай Ыбырайдың шағымын қанағаттандырмады. Кассациялық соттың айтуынша, шағымданушы шешімге қарсы апелляция беретін мерзімді - жарты жылды өткізіп алған.

Алшынбай Ыбырай бұл шешімге орай шағым беретінін мәлімдеді.

Әділет Тұрсынбековтің өліміне байланысты Ақтау қаласының үш тұрғыны сотталған еді. Оның екеуі (Ренат Бердалиев пен Самат Сабалақов) оқиға болған кезде ҰҚК-де қызмет атқарған, үшіншісі (Қайрат Айтбаев) күзет фирмасында жұмыс істеген. Сот Айтбаевты он жылға, Бердалиевті алты жылға, Сабалақовты төрт жылға соттаған.

Алшынбай Ыбырай бұл үкіммен келіспейтінін айтқан.
XS
SM
MD
LG