Азат Еуропа/Азаттық радиосы басшылығы Киевте екі журналисінің - Украин қызметінің тілшісі мен операторы Дмитрий Баркар мен Игорь Исхаковтың соққыға жығылғанына наразылық білдірді.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы басқармасы төрағасы Джефф Шелл мен радио президенті Кевин Клоуз Украина билігін оқиғаны тез тексеруге шақырды.
Олар журналиске күш көрсету сөз бостандығын жаныштау екенін айтып, айыптыларды жазалауды сұрады.
Дмитрий Баркар мен Игорь Исхаковты 20 қаңтарда "Беркут" арнайы жасағы қызметкерлері сойылмен ұрып, кейін оларды бес сағат бойы қамаған еді. Журналистер ол кезде адвокатымен хабарласа алмаған. Баркар мен Исхаков өздеріне тағылған "полицияға күш көрсетті және арандатуға итермеледі" деген айыпты мойындамайды.
Киевтегі бұқаралық ақпарат институты дерегінше, қаладағы оқиғаны бақылап жүрген 35 журналист полициядан зәбір көрген.
Киевте 20-21 қаңтар күндері болған қақтығыстан 200-ден астам адам зардап шеккен.