Accessibility links

Украинада оппозиционерді ұрлағаны хабарланды


"Еуромайдан" акциясы жетекшілерінің бірі Игорь Луценко.
"Еуромайдан" акциясы жетекшілерінің бірі Игорь Луценко.
Украинадағы "Еуромайдан" акциясы жетекшілерінің бірі Игорь Луценконы белгісіз адамдар ұрлап әкетті. Бұл туралы 21 қаңтарда "Свобода" оппозициялық партиясының жетекшісі Арсений Яценюк мәлімдеген. Оның айтуынша, оппозиционерлерді ұрлау жалғасып жатыр.

Бірақ Украина ішкі істер министрлігі Луценконың ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады. Министрліктің ресми өкілі Сергей Бурлаковтың айтуынша, құзырлы орган 21 қаңтар күні таңертең Луценконы Киевтің Октябрьский ауруханасынан ұрлап әкетті деген ақпаратты тексеріп жатыр.

Луценко туыстарына жіберген соңғы хабарламасында өзіне жай киімдегі төрт адам жақындап келе жатқанын айтқан. Белсенділер ауруханаға барғанында Луценко орнында жоқ болып шыққан. Аурухана маңында оның көлігі ғана қалған.

20 қаңтарға қараған түні акцияларға қатысып жүрген бірнеше жас белгісіз себептермен ұсталған еді.

Акцияға қатысқан, бірақ Грушевский көшесіндегі тәртіпсіздіктерде болмаған тағы үш адамға "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG