Египет ішкі істер министрлігі мотоцикл мінген қарулы адамдар Бени-Суэйф провинциясында полиция бекетінде бес полицейді атып кеткенін хабарлады.
Министрлік шабуылдан екі полицейдің жараланғанын айтады. Шабуыл жасағандар оқиға болған жерден бірден жасырынып үлгерген.
Былтыр жазда египеттік әскерилер демократиялық жолмен сайланған ел президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен кетірген соң құқық қорғау орындары қызметкерлері мен әскерилерге шабуыл жасау оқиғалары мен жарылыс жиіледі.
Бени-Суэйф провинциясы ел астанасы Каирден оңтүстікке қарай 100 километр қашықтықта орналасқан.