Accessibility links

Янукович пен оппозиция тағы кездесті


Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция жетекшілерінің кездесуі. Киев, 23 қаңтар 2014 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция жетекшілерінің кездесуі. Киев, 23 қаңтар 2014 жыл.
Киевте 23 қаңтар күні кешке Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция өкілдері кездесті.

Азаттықтың Украин қызметінің хабарлауынша, кездесуге қатысқан оппозициялық "Батькивщина" партиясының жетекшісі Арсений Яценюк президент резиденциясынан шығарда Украинада "саяси диалог орнатуға үлкен мүмкіндік барын" мәлімдеді.

"Бізде қантөгісті тоқтату міндеті тұр және оны орындауға мүмкіндік бар" деді Яценюк.

"Свобода" партиясының жетекшісі Олег Тягнибок қандай да бір мәлімдеме жасамас бұрын қоғам өкілдерімен кеңесуі қажет екенін айтты. "Қоғам өкілдерімен кеңескеннен кейін ғана кездесу туралы айта алам" деді ол.

Кеше демонстранттар мен милиция оппозиция президентпен елдегі саяси дағдарысты реттеу туралы келіссөздерін жүргізгенше ешқандай әрекет жасамауға уағдаласқан.

Киевте наразылық танытып жатқан демонстранттар президент елде мерзімінен бұрын сайлауларды белгілеп, үкіметті отставкаға жіберуі және өзі биліктен кетуі тиіс деген талап қойып отыр.

Президент Януковичпен кездесу нәтижесін оппозиция жетекшілері алаңдағы жұртқа хабарлады:

Киев Майданы кеңейді
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00
XS
SM
MD
LG