Accessibility links

Қырғызстанда қарулы топтың көзі жойылды


Қырғызстан картасы.
Қырғызстан картасы.
Қырғызстан шекарашылары мен қауіпсіздік күштері Ыстықкөл облысында ел аумағына Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жағынан шекараны заңсыз кесіп өтіп енген деген күдікке ілінген қарулы 11 адамның көзін жойғаны туралы хабарлады. Арнайы операция барысында қауіпсіздік қызметінің бір сарбазы жеңіл жараланған.

Қырғыз шекара қызметінің хабарлауынша, қарулы топ 23 қаңтарға қараған түні Ыстықкөл облысы аумағында орманшыны өлтіріп, қырғыз шекарашыларына оқ атқан.

23 қаңтарда Ыстықкөл облысныдағы оқиға болған аумаққа қырғыз қауіпсіздік күштерінің жасағы жөнелтіліп, арнайы операция жүргізілген.

Кеше Қырғызстан сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты Қытайдың Бішкектегі елшілігінің өкілдерімен жедел кездескен. Бірақ кездесу тақырыбы жайлы көпшілікке айтылмады.

Қырғыз құқық қорғау орындары мерт болған қарулы адамдарды анықтауға кірісті.
XS
SM
MD
LG