Accessibility links

Иеменде АҚШ ұшағы үш күдіктіні жойды


Иеменнің картасы. (Көрнекі сурет)
Иеменнің картасы. (Көрнекі сурет)
Иемен қауіпсіздік қызметінің өкілдері АҚШ пилотсыз ұшағынан жасалған шабуылдан "Әл-Қаиданың" мүшесі деген күдікті үш адамның көзі жойылғанын хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, 23 қаңтарда Иеменнің шығысындағы Мариб провинциясында пилотсыз ұшақтан атылған зымыран күдікті үшеу мініп кетіп бара жатқан көлікке тиген.

Иемен - "Әл-Қаида" тобының Араб түбегіндегі бекінген орны саналады. "Әл-Қаиданы" АҚШ әлемдегі ең қауіпті террористік ұйымдар тізіміне енгізген. АҚШ Иемендегі "Әл-Қаидаға" қарсы күресте пилотсыз ұшақтарды жиі пайдаланады.
XS
SM
MD
LG