Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы Азаттық тілшісіне қамауда отырған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің "аштық жарияламайтынын, өйткені оған қарсы түрме әкімшілігі қолданған шараның алынып тасталғанын" хабарлады.
- Егер ол аштық бастаса, мен ол туралы білетін едім. Меніңше ол аштық бастаған жоқ. Өйткені оған қазір аштық жариялауға негіз жоқ, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының бастығы Андрей Бессонов.
Прокурор Курамшиннің "аштық жариялайтынын мәлімдеуіне 10 қаңтарда түрме бастығының оған қарсы шара қолдануы себеп болған" дейді.
Курамшин отырған түрменің бастығы Берік Елжасов:
- Ол [Вадим Курамшин] аштық бастаған жоқ. Оған қарсы шаралардың күші жойылды, - дейді.
Бұған дейін Вадим Курамшиннің аштық жариялайтыны туралы мәлімдемесі интернет арқылы тараған еді. Онда ол аштықты 25 қаңтар күні бастайтынын хабарлаған. Аштық жариялауының себебін Курамшин "түрме бастығы Уалихан Байтасовтың оған қарсы заңсыз шаралар қолдануы" деп түсіндірген.
Курамшин бір жыл бойы қамаудың қатаң режимінде отырды. Оған жақындарымен кездесуге рұқсат берілмеді. Құқық қорғаушы жақында жақындарымен кездесуге рұқсат беретін, түрменің жалпы режиміне ауысуы тиіс еді.
Курамшин таратқан ақпарат бойынша, "түрме әкімшілігі оның осы режимге ауысуына кедергі келтіретін шара қолданбақ болған".
Курамшиннің аштық жариялауды жоспарлағаны туралы ақпаратты Азаттық тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Александр Верстаков та растады. Ол 14 қаңтар күні түрмеге барып, Курамшинмен прокуратура өкілінің бақылауымен кездескен.
2012 жылы желтоқсан айында болған екінші сот Вадим Курамшинді 12 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Ал оның алдында, 2012 жылы тамыз айында болған сотта Вадим Курамшин «ақша бопсалады» деген бап бойынша ақталып, бір жылға ғана шартты жазаға кесілген еді. Алайда 2012 жылы қараша айында апелляциялық сот бұл шешімді бұзды. Оның алдында Курамшина Польшада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) конференциясына қатысып, Қазақстандағы адам құқықтары туралы баяндама жасаған еді. Ол Еуропадан Петропавлға келген бетте қайта тұтқындалды. Курамшин қазір Солтүстік Қазақстандағы түрмелердің бірінде отыр.