Accessibility links

Ходорковскийдің бизнес-әріптесі түрмеден босады


"Менатеп" компаниясының бұрынғы басшысы Платон Лебедев.
"Менатеп" компаниясының бұрынғы басшысы Платон Лебедев.
25 қаңтар күні түрмеден босаған Платон Лебедев Мәскеуге келді.

"Менатеп" компаниясының бұрынғы басшысы Лебедев мұнай магнаты Михаил Ходорковскийдің бизнестегі әріптесі болған. Ол түрмеден жұма күні шықты. Бүгін Ресейдің Архангелск облысынан Мәскеуге келді.

Лебедев түрмеде 10 жылдан аса отырды. Оның адвокаты Владимир Краснов "Лебедевтің Ресейде қалатын-қалмайтыны әлі белгісіз" дейді.

Лебедев Ходорковский түрмеден шыққаннан бір ай өткенде босатылды. Ходорковскийге күтпеген жерден Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасаған еді.

Лебедев пен Ходорковский 2003 жылы тұтқындалған. Оларға салық төлеуден жалтарды деген айып тағылды. Сарапшылар "Путин өзіне қарсы шыққан адамдарды солай жазалады" дейді. Ходорковский шыққан бетте Ресейден Германияға кетіп қалды.
XS
SM
MD
LG