Accessibility links

АҚШ Иранға қарсы санкциялар күшінде екенін мәлімдеді


Ақ үй. (Көрнекі сурет)
Ақ үй. (Көрнекі сурет)
Вашингтон (АҚШ астанасы - ред.) "Иранның ядролық бағдарламасына қатысты "аралық келісім" Иран экономикасы санкциялардан құтылды дегенді білдірмейді" деп мәлімдеді.

The New York Times басылымы АҚШ-тың қаржы министрі Дэвид Коэннің "Иранда бизнес жасауға әлі рұқсат берілмейді" деген мәлімдемесін басты. Ол "санкциялар күшінде тұр" деген.

Коэн бизнесмендерге 20 шілдеге дейін Иранмен қандай да бір келісім жасаспау керектігін ескерткен.

АҚШ қаржы министрлігі Еуропадағы Clearstream Banking компаниясына Иранға 152 миллион АҚШ долларын беруге келіскен еді. Қаржы министрлігі бұл жайтқа қатысты да түсініктеме берді. Министрлік "мұның тек дайындық" екенін айтқан.

Обаманы Иранға салынған қатаң санкциялар үшін сынайтындар көбейіп келеді.
XS
SM
MD
LG