Accessibility links

Сноуден неміс телеарнасына сұхбат берді


АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.
Ресейден уақытша баспана алған АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден алғаш рет телеарнаға сұхбат берді.

Германиялық NDR телекомпаниясы қойған сұрақтарға берген жауабында Сноуден «өнеркәсіптік шпионажбен айналысып келеді» деп АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігін айыптады. Ол қазіргі уақытта қолында ешқандай құпия құжаттар жоқ екенін айтып, ондай құжаттардың барлығын бұған дейін журналистерге бергенін қайталады.

Сноуденнен қай жерде сұхбат алынғаны жайлы айтылмайды.

Ресей үкіметі 30 жастағы Эдвард Сноуденге былтырғы тамыздың 1-інен бастап бір жыл мерзімге уақытша баспана берген. АҚШ үкіметі оған «ұлттық қауіпсіздікке қатысты құпия деректерді жария етті» деген айып таққан. АҚШ заңы бойынша, ондай қылмыс жасаған адамға ұзақ мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасы тағайындалады.
XS
SM
MD
LG