Accessibility links

Олланд азаматтық некедегі әйелімен қатынасын үзді


Франция президенті Франсуа Олланд (оң жақта) азаматтық некедегі жұбайы Валери Триервейлермен бірге.
Франция президенті Франсуа Олланд (оң жақта) азаматтық некедегі жұбайы Валери Триервейлермен бірге.
Франция президенті Франсуа Олланд азаматтық некедегі әйелі Валери Триервейлермен қарым-қатынасын тоқтатқаны туралы хабарды растады. Бұл туралы Олланд 25 қаңтарда Франс пресс агенттігіне мәлімдеген.

«Мен Валери Триервейлермен бірге тұрмайтыным жайлы хабардар етемін» деген ол.

Әңгіме өзінің жеке басының өміріне қатысты болғандықтан Олланд бұл мәлімдемесін мемлекет басшысы емес, жеке өз атынан жасап отырғанын атап айтқан.

Бұған дейін Journal du dimanche басылымы Олланд пен Триервейлердің қаңтардың 23 күні өзара қарым-қатынасты доғару жайын талқылағаны туралы жазған еді.

Осы айдың басында франциялық Closer журналы 59 жастағы Франсуа Олландтың 41 жастағы актриса Жюли Гайенің «жасырын байланысы» туралы мақала жариялаған болатын. Онда жаңа жыл мерекесі күні президенттің «мопедпен бетін каскамен жауып алып актрисаның үйіне барғаны және соңғы күндері актрисаның үйінде түнеп жүргені» айтылады.

Осы мақаладан соң Оландтың азаматтық некедегі әйелі Валери Триервейлердің Париждегі ауруханалардың біріне түсіп, бірнеше күн жатып шыққаны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG