Сирия үкіметі мен оппозициясының өкілдері Женевадағы келіссөздерде ымыраға келе бастады. БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахимидің айтуынша, қақтығысушы тараптар бір жылдан бері президент Башар Асад күштерінің қоршауында тұрған Хомс қаласынан балалар мен әйелдердің кетіп қалуына мүмкіндік жасауға келіскен.
Сирияда 2011 жылы қарулы жанжал тұтанғалы бері екі жақтың өкілдерінің қатысуымен тұңғыш рет өтіп жатқан бұл келіссөздер БҰҰ және Араб елдері лигасының арнайы өкілі Лахдар Брахимидің бастамашы болуымен сенбі күні басталған еді. Брахимидің айтуына қарағанда, келіссөздерде тараптар "бір-біріне байсалдылық танытып" отыр.
Женева келіссөзіне қатысушылар осы күнге дейін тұтқындарды босату туралы келісе алмаған еді.
Ресми Дамаск бұрынғыдай оппозицияның Башар Асадтың отставкаға кетіп, Сирияда уақытша үкімет құру талабынан бас тартып келеді.