Accessibility links

"Протонға" наразы тағы бір белсенді ұсталды


Қоғамдық белсенді Махамбет Әбжан (ортада, жасыл маска киінген) "Қазғарыш" агенттігі алдындағы акция кезінде. Астана, 27 қаңтар 2014 жыл. Махамбет Әбжанның Фейсбук парақшасынан алынған сурет.
Қоғамдық белсенді Махамбет Әбжан (ортада, жасыл маска киінген) "Қазғарыш" агенттігі алдындағы акция кезінде. Астана, 27 қаңтар 2014 жыл. Махамбет Әбжанның Фейсбук парақшасынан алынған сурет.
Астанада "Қазғарыш" агенттігінің алдында ресейлік "Протон-М" зымырандарының ұшырылуына қарсылық танытқан қоғамдық белсенді Махамбет Әбжанды полиция ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Есіл аудандық полиция бөлімшесінде отырғанын айтқан белсендінің өзі хабарлады.

Қазақстандық белсенділер бірнеше аптадан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыранын ұшырып, гептил отынын қолдануға қарсылық білдірген акциялар өткізіп келеді. Бұған дейін ұсталған белсенділердің кейбіріне айыппұл салынып, кейбірі босатылған еді.

Махамбет Әбжан өткен аптада интернетте "Қазғарыш" агенттігі басшысы Талғат Мұсабаевтың бір сөзіне жауап ретінде оны әжуалайтын видео жариялаған.
XS
SM
MD
LG