Қытай Айға ұшырған ғарыш аппаратынан техникалық ақау шығып, миссиясын аяқтай алмауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Қытайдың "Юйту" ("Көкшіл қоян") деп аталатын аппараты 2 желтоқсанда Сычуан провинциясынан ұшырылып, Айға қонған еді. Аппарат Ай бетінде үш ай зерттеу жүргізеді деп жоспарланған.
Қытай алғаш 2007 жылы Жердің табиғи серігіне аппарат ұшырып, ол Айдың беткі қабатын суретке түсіріп алған.
Қытай басшылығы елді АҚШ және Ресеймен қатар тұратын ғарыштық державаға айналдыруды көздеп отыр.