Accessibility links

Қазақстаннан Сочиге 50 спортшы барады


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Ванкувер олимпиадасында (Канада). Көрнекі сурет.
Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің ақпараты бойынша, қысқы олимпиадаға Қазақстаннан 10 спорт түрінен 50 спортшы барады.

Агенттік тізімді бүгін Астанада өткен арнайы жиында ресми түрде жариялады. Жиынға қатысқан агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Сочи олимпиадасында Қазақстан Ванкувердегіден де жоғары жетістікке жету керектігін айтты.

2010 жылғы Ванкувердегі олимпиадаға Қазақстан 8 спорт түрінен 37 спортшы қатыстырған еді.

Халықаралық Infostrada сараптама орталығының жорамалы бойынша Қазақстан Сочиде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 21-орын алуы ықтимал. Infostrada «алтынды шаңғышы Алексей Полторанин жекелей жарыста иеленеді, қола жүлдені Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық жарыста алуы мүмкін» деп болжайды.
XS
SM
MD
LG