Украина президенті Виктор Янукович 27 қаңтарда оппозиция өкілдерімен жүргізген келіссөзде 16 қаңтарда қабылданған бейбіт жиын өткізуді шектейтін заңды жоюға келісті. Президенттің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, оппозиция жетекшілерінің бірі Арсений Яценюк билік ұсынған премьер-министр қызметінен ресми түрде бас тартқан.
Кездесуде Янукович акцияларда ұсталғандар демонстранттар басып алған үкімет үйлерін босатып, Тәуелсіздік алаңында шатыр тігіп тәулік бойы жүргізіп жатқан акцияларын тоқтатқан кезде ғана рақымшылыққа ілінетінін мәлімдеген.
Бұған дейін Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон украин билігі демонстрацияны басу үшін елде төтенше жағдай енгізуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты алаңдайтынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, биліктің мұндай әрекеті елдегі жағдайдың одан ары ушығуына соқтырады. Эштон бұған қоса оппозиция жетекшілерін "зорлық-зомбылыққа жүгінетін адамдардан алыс жүруге" шақырады.