Accessibility links

Египет қолбасшысы президент сайлауына түспек


Египет әскерінің бас қолбасшысы, генерал Абдул-Фаттах әл-Сиси (алдыңғы қатарда әскери киімде). Каир, 14 қаңтар 2014 жыл.
Египет әскерінің бас қолбасшысы, генерал Абдул-Фаттах әл-Сиси (алдыңғы қатарда әскери киімде). Каир, 14 қаңтар 2014 жыл.
Египеттің жоғарғы әскери кеңесі ел қарулы күштерінің бас қолбасшысы, өткен жылы президент Мұхаммед Мурсиді биліктен тайдыруда маңызды рөл атқарған генерал Абдул-Фаттах әл-Сисидің президенттікке кандидатурасын мақұлдады.

27 қаңтарда Египет президентінің міндетін уақытша атқарушы Адли Мансур "президент сайлауы парламент сайлауынан бұрын өтеді" деп мәлімдеген. Кеше әл-Сисидің жоғарғы әскери атақ - фельдмаршал шенін иеленгені белгілі болған.

Мурси биліктен кетірілген 2013 жылдың жазынан бері Египетте саяси тұрақсыздық орнаған. Биыл 25 қаңтарда - бұрынғы президент Хосни Мүбәрактің биліктен кеткеніне үш жыл толғанын атап өту кезіндегі шерушілер полициямен қақтығысып, 49 адам мерт болған еді.

Қаңтардың басында Египетте референдумда жаңа конституция жобасы бекітілген. Билік сайлаулар мен жаңа конституция елде тәртіп орнауына септеседі деп үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG