Accessibility links

Олланд: Түркияның ЕО-ға кіруі референдумда анықталады


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд франциялықтар Түркияның Еуропа Одағына кіру мәселесін референдумда дауысқа салатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 27 қаңтарда Түркияға жасаған сапарында, Анкарада айтты.

Олландтың сөзіне қарағанда, Түркия егер Еуропа Одағына мүше болу үшін белгіленген 35 реформаны жүргізу жұмыстарын аяқтаса, Франция референдум өткізбек. Бірақ ол референдумның нақты қашан өтетінін айтпады.

Бірақ Олланд 35 реформаның 14-і аяқталғанын ескертті.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Түркияны Еуропа Одағының басқа мемлекеттерінен өзгеше деп, бұл елдің Еуроодаққа толық кіруіне қарсы болып келген.

Еуропа Одағы таяуда Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған үкіметін биліктегі коррупциялық істерді тергеуге жауап ретінде құқық қорғау орындарына бақылауды күшейту шараларын қабылдағанын сынаған.
XS
SM
MD
LG