Грузияның діни азшылық топтары үкіметтен совет кезеңінде тартқан зардаптары үшін қаржылай өтемақы алатын болды.
Грузияның келісім және азаматтық теңдік министрі Паата Закареишвилидің айтуынша, Армян апостол шіркеуі, Рим католик шіркеуі, мұсылман және еврей ұйымдары 2014 жылы үкіметтен өтемақы ретінде 2,53 миллион АҚШ долларын алмақ.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, бұл қаржы - діни ұйымдарға төленетін өтемақының бір бөлігі ғана. Болашақта мұндай өтемақыны қалай бөлу жайы және басқа да діни ұйымдарға өтемақы төлеу мәселесі талқыланбақ.
Грузин православ шіркеуі үкіметтің бұл шешімін "оң қадам" деп бағалады.
Бұрынғы Совет Одағында барлық діни топтар қудалау көрген еді.