Accessibility links

Украина даулы заңдардан бас тартты


Украин парламенті депутаттары дауыс беріп отыр. Киев, 28 қаңтар 2014 жыл.
Украин парламенті депутаттары дауыс беріп отыр. Киев, 28 қаңтар 2014 жыл.
Украина парламенті - Жоғарғы Рада 16 қаңтарда қабылданған, азаматтық бостандықты шектеген 12 заңның 9-ынан бас тартты. Мұны парламенттегі 361 депутат қолдады, коммунистер фракциясы ғана дауыс бермей қойды.

Бұл заңнан бас тарту жайы оппозиция өкілдері мен президент Виктор Януковичтың кездесуінде талқыланған еді.

Сейсенбі күні ел премьер-министрі Николай Азаров отставкаға кетуге өтініш берді. Ол саяси ымыра үшін, Украинаның тұтастығын сақтау үшін осындай қадамға барғанын айтты. Азаровтың қызметінен кетуін оппозиция жақтастары талап еткен еді.

Парламенттің елдегі саяси дағдарысты реттеу жайлы кезектен тыс отырысы қаза тапқан бес шерушіні еске алумен басталды.
XS
SM
MD
LG