Accessibility links

АҚШ пилотсыз ұшақтарды пайдалануды уақытша тоқтатады


АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын Predator B ұшағы.
АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын Predator B ұшағы.
АҚШ-тың шекара және кеден қызметі елдің Мексикамен шекарасында қарауылдап жүретін ұшқышсыз басқарылатын аппараттар қызметін уақытша тоқтатты. Бұл туралы шешім 28 қаңтарға қараған түні шекара күзетінде жүрген пилотсыз басқарылатын Predator B аппараттарының бірі Калифорния жағалауларынан 30 километр қашықтықта Тынық мұхитына құлағаннан кейін қабылданды.

Апатқа не себеп болғаны белгісіз. АҚШ шекара қызметі өкілінің айтуынша, аппаратта техникалық ақау болған. Аппаратты басқарған мамандар оны құтқару мүмкін емес деген ұйғарымға келіп, мұхитқа құлату қажет деп шешкен.

Predator B аппаратының құны - 12 миллион АҚШ доллары. Құлаған ұшақ АҚШ-тың шекара және кеден қызметі шекараны бақылауға пайдаланатын 10 аппараттың бірі болған. Ол аппараттар шекара бұзушыларды анықтауда қолданылатын арнайы құрылғылармен жабдықталған.

АҚШ-та шекара және кеден қызметінің осымен екінші пилотсыз аппараты апатқа ұшырап отыр. Алғашқы аппарат 2006 жылы Аризона штатында шөлде құлаған еді. Ол кезде апатқа аппаратты қашықтан басқарып отырған маманның қателігі себеп болған.
XS
SM
MD
LG