Accessibility links

Жоғарғы Рада рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады


Үкіметке наразылық танытушылар Тәуелсіздік алаңында тұр. Киев, 29 қаңтар 2014 жыл.
Үкіметке наразылық танытушылар Тәуелсіздік алаңында тұр. Киев, 29 қаңтар 2014 жыл.
Украина парламенті 29 қаңтарда түнге қарай ұзақ уақыт талқылаудан кейін жаппай наразылық акцияларында ұсталғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады.

Биліктегі "Аймақтар партиясының" депутаты Юрий Мирошниченко дайындаған заң жобасын 232 депутат қолдап дауыс берді. Құжат қабылдануы үшін кемінде 226 депутат қолдап дауыс беруі тиіс болатын. Жобаны қолдағандардың 189-ы - "Аймақтар партиясынан", 32 -сі - коммунистер, 11-і - ешқандай партияға мүше емес депутаттар.

Оппозициялық "Батькивщина", "УДАР" және "Свобода" партияларының депутаттары бұл құжаттың қабылдануына түбегейлі қарсы болды.

Мирошниченконың айтуынша, жобада рақымшылық жасау үшін демонстранттарға жалғыз шарт бар – олар басып алған әкімшілік ғимараттарын босатуы тиіс. Сонымен бірге жобада ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайтыны айтылған.

Бірақ оппозиция жетекшілері "рақымшылық ешқандай шартсыз жасалуы тиіс" деп санайды.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон кеше Украинадағы барлық қарсы тараптарды "нақты диалог орнатуға" шақырған еді. Киевке президент Виктор Януковичпен және оппозиция жетекшілерімен келіссөздер жүргізуге келген Эштон "Қай жақтан шықса да, зорлық-зомбылық тоқтатылуы тиіс" деді.
XS
SM
MD
LG