Accessibility links

МАГАТЭ өкілдері Иранның уран кен орнына барды


МАГАТЭ инспекторлары Иранның Натанз уран байыту зауытын тексеріп жатыр. 20 қаңтар 2014 жыл.
МАГАТЭ инспекторлары Иранның Натанз уран байыту зауытын тексеріп жатыр. 20 қаңтар 2014 жыл.
МАГАТЭ инспекторлары оншақты жылдан бері бірінші рет Иранның Бендер-Аббас қаласына жақын маңдағы Гчине уран кен орнына барды. Иранның атом энергиясы мекемесінің хабарлауынша, МАГАТЭ-нің үш инспекторы кен орнына 29 қаңтарда барып қайтқан.

МАГАТЭ сарапшылары Гчине кен орнында соңғы рет 2005 жылы болған еді. Ұйым өкілдері Иранның уран кен орны, уранды байыту зауыттарына Тегеранның былтыр қарашада әлемдік алты державамен ядролық бағдарламасы бойынша жасасқан келісім негізінде тексеру жүргізіп жатыр.

Келісім бойынша, Иран уран байытуды алты айға тоқтатуға, ал Батыс елдері мен халықаралық қауымдастық бұл елге салынған қаржы-экономикалық санкцияларды жұмсартуға уағдаласқан.
XS
SM
MD
LG