Accessibility links

Сирия келіссөзінің алғашқы кезеңі нәтижесіз аяқталды


БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими. Женева, 28 қаңтар 2014 жыл.
БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими. Женева, 28 қаңтар 2014 жыл.
31 қаңтарда Женевада Сирия үкіметі мен оппозициялық күштерінің алғашқы бейбіт келіссөздері аяқталды.

Келіссөздер БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахимидің ара ағайындық етуімен өткен. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, келіссөздерде тараптар Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға, өтпелі үкімет құрып, гуманитарлық көмек жеткізуге қатысты мәмілеге келе алмаған.

30 қаңтарда Сирия президенті Башар Асадтың делегациясы мен Сирия оппозициясы өкілдері елдегі қақтығыстарға кім жауапты болмақ деген мәселені талқылаған.

Брахимидің айтуынша, екі жақ та терроризмнің Сирия үшін маңызды проблема екенін мойындаған, бірақ онымен қалай күресуге қатысты келісімге келе алмаған.

Брахими келіссөздердің келесі кезеңі 10 ақпанға белгіленгенін айтып, онда "тараптардың ұстанымдары жақындай түсетініне" сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG