Accessibility links

Головкин Адаманы техникалық нокаутпен ұтты


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ақпанның 1-і күні Монте-Карлода Гана боксшысы Осуману Адамамен кездесіп, одан басым түсті.

Кездесудің бірінші және алтыншы раундтарында Головкиннің соққысынан екі нокдаун алған 33 жастағы ганалық спортшы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, 31 жастағы Геннадий Головкин осы кезге дейін 29 жекпе жек өткізіп, оның барлығын жеңіспен аяқтаған.

Ол рингте 26 қарсыласын нокаутпен жеңген.
XS
SM
MD
LG