Accessibility links

Гагаузияда референдум өтіп жатыр


Молдова картасындағы көк түспен көрсетілген – Гагаузия аймағы.
Молдова картасындағы көк түспен көрсетілген – Гагаузия аймағы.
Бүгін Молдованың оңтүстігіндегі автономиялық облысы - Гагаузияда референдум өтіп жатыр.

Географиялық тұрғыда үзік-созық орналасқан, 155 мыңдай адамы бар аймақтың тұрғындары референдумға шығарылған «Еуроодаққа қосылғанды қалайсыңдар ма, әлде Кеден одағына бірігейік пе?» деген сауалға жауап береді.

Гагаузияны мекендейтін этникалық түркілер орыс тілінде сөйлеп, православтық христиан дінін ұстанады. Жергілікті халықтың көбі «Кишинев Еуроодаққа кіреміз деп Молдованы көрші Румынияға қоспақ» деп күдіктенеді.

Осының қарсаңында Азаттықтың Молдова қызметіне сұхбат берген Гагаузия басшысы Михаил Формузал Ресей ықпалындағы Кеден одағына қосылуды құп көретінін жасырмады.

Молдова билігі Гагаузиядағы референдумның алдын алуға барынша тырысып баққан еді. Кишинев бұл шараны аймақтың өз алдына бөлек аумақ ретінде бөлінуі деп қабылдайды.
XS
SM
MD
LG