Алматы қаласының билігі ақпанның 2-сі күні қалада автошеру өткізуге рұқсат сұраған жергілікті белсенді Мұхтар Тайжанның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
«Алматы қаласы ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасы күшейтілген жұмыс жағдайында қызмет атқаруына байланысты автошеру уақытында полиция қызметкерлерінің көліктермен қатарласа жүріп қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылмаған» делінген жауап хатта.
Осыған байланысты 2 ақпанда Алматыда автошеру өткізуге тыйым салынады деп ескерткен Алматы ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Әуезов қоғамдық белсендіге.
Бұған дейін Алматыда гептил отынын пайдаланатын ресейлік зымырандардың Байқоңырдан ұшырылуына және Ресей ықпалындағы Кедендік одаққа азаматтық наразылық акциясын өткізген Тайжан ақпанның 2-інде Алматыда автошеру ұйымдастыруға рұқсат сұрап жергілікті билікке өтініш берген еді.