Accessibility links

Ливияның химиялық қаруы толық жойылған


Химиялық заттар салынған ыдыстарды көріп тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)
Химиялық заттар салынған ыдыстарды көріп тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)
АҚШ билігінің хабарлауынша, соңғы үш айда Ливияның химиялық қару-жарағы түгелдей жойылып бітті. New York Times газетінің дерегінше, улы зат – иприт толтырылған жүздеген бомба мен снарядты АҚШ пен Ливия бірігіп жойған. Бұл жұмысқа Германия мен Швеция қолдау көрсеткен.

Ливияның улы заттарын жою 2004 жылы сол кездегі президент Муаммар Каддафи химиялық қару-жарақтарды жою жөніндегі конвенцияға қол қойғаннан кейін басталған еді.

2011 жылы қазанда Муаммар Каддафи биліктен тайдырылып өлтірілгеннен кейін екі тоннаға жуық қыша газы табылып, ол шөл далада арнайы пеште жойылған.

Химиялық қаруды шөл далада жою технологиясы алдағы айларда Сирияның 1 мың 300 тонна шамасындағы химиялық улы заттарын жою үшін де пайдаланылмақ.
XS
SM
MD
LG