Accessibility links

ДСҰ: Қатерлі ісікке шалдыққандар саны артып барады


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) әлемде қатерлі ісікке шалдыққан адамдар "алаңдатарлықтай қарқынмен" көбейіп бара жатыр деген мәлімдеме таратты.

ДСҰ зерттеулеріне қарағанда, 2013 жылы әлемде қатерлі ісікке шалдыққандар саны 14 миллион адамға жеткен. Ал алдағы жиырма жылда 22 миллионға жетеді деген болжам бар.

ДСҰ мамандары "қатерлі ісік дертін емдейтін дәрі-дәрмектер қолжетімді болса, онда бұл денсаулық сақтау саласы нашар елдерде де одан қайтыс болғандар санының азаюына септесер еді" дейді.

Ұйым қатерлі ісікке шалдыққандар саны Африка, Азия мен Орталық және Оңтүстік Американың дамушы елдерінде көбейіп келе жатқанын, оны емдеуге кететін шығын ауқатты елдердің экономикасына да әсер етіп отырғанын айтады. ДСҰ-ның есептеуінше, 2010 жылы қатерлі ісікті емдеуге жұмсалған шығын көлемі 1 триллион 16 миллиард ($1.16 trillion) АҚШ доллары жұмсалған.
XS
SM
MD
LG