Accessibility links

ЕҚЫҰ: Таулы Қарабах мәселесін реттеуде ілгерілеу бар


ЕҚЫҰ-ның Минск тобы төрағаларының бірі, АҚШ дипломаты Джеймс Уорлик. Баку, 4 ақпан 2014 жыл.
ЕҚЫҰ-ның Минск тобы төрағаларының бірі, АҚШ дипломаты Джеймс Уорлик. Баку, 4 ақпан 2014 жыл.
ЕҚЫҰ-ның Минск тобы төрағаларының бірі, Таулы Қарабах мәселесін реттеуде халықаралық араағайындық рөлін атқарып жүрген АҚШ дипломаты Джеймс Уорлик Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерде ілгерілеу барын мәлімдеді. Бұл туралы ол 4 ақпанда Бакуге барғанында айтты.

Уорликтің айтуынша, екі ел арасындағы келіспеушіліккен қарамастан, Минск тобы қараша айында өткен Армения мен Әзербайжан президенттерінің кездесуіне оптимизммен қарайды. АҚШ дипломаты бұған қоса президенттердің кездесуінен кейін Таулы Қарабах аймағында қарулы қақтығыстардың азайғанын да айтады.

Джеймс Уорлик қарулы қақтығысты тоқтату екі ел арасында өзара сенім орнату үшін өте маңызды екенін атап өтті.

1990 жылдары Әзербайжанның армяндар қоныстанған Таулы Қарабах аймағын армян сепаратистері басып алып, дербес аймақ деп жариялаған еді.

Содан бері даулы мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздігін әлемде ешбір мемлекет мойындаған емес.
XS
SM
MD
LG