Accessibility links

Алматы әкімі блогерлермен кездесіп жатыр


Алматы әкімі Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов жергілікті блогерлермен кездесіп жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, блогерлермен жиын қаланың жоғары жағында, әл-Фараби даңғылындағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатыр. Өзін Алматы қаласы әкімдігінің өкілі деп таныстырған адам бүгінгі кездесуге тек блогерлер қатысатынын, журналистер шақырылмағанын айтқан. Оның сөзінше, кездесуге он шақты блогер қатыспақшы.

Бұған қоса мейрамхана маңында жүрген полиция өкілі блогерлер мен әкімнің кездесуі өтетін мейрамхананы "жеке меншік нысаны" деп, Азаттық тілшісіне ғимаратты суретке түсіруге де рұқсат бермей қойды.
XS
SM
MD
LG