Украина президенті Виктор Янукович осы елге барған АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландқа өзінің оппозициямен келіссөздер жүргізуге және елде конституциялық реформалар жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ ол конституцияға өзгерістер заңды түрде жасалуы тиіс екенін ескерткен.
Киевке билік пен үкіметке наразылар қайшылығын шешуге жәрдемдесу үшін екі күндік сапармен барған Нуланд кеше Украин оппозициясының жетекшілерімен кездескен.
Кеше үкіметке наразы мыңдаған адам Киевте парламент маңында наразылық шеруін өткізіп, парламенттен конституцияға өзгеріс жасауды талап етті.
Бірақ парламент 6 ақпандағы отырысында конституцияға президент билігін шектейтін өзгерістерді тағы да енгізе алмады.