Accessibility links

Футболдан ұлттық құрама бапкері тағайындалды


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. (Сурет ҚФФ ресми сайтынан алынды)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. (Сурет ҚФФ ресми сайтынан алынды)
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасын ресейлік маман Юрий Красножан басқаратын болды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның футбол федерациясы (ҚФФ) өткізген баспасөз жиынында хабарланды.

"Красножан шеберлігі қарсыластарынан кемдеу, орта санаттағы ойыншылармен жұмыс істей алады. Ол орыстілді жаттықтырушы және тактиканы жақсы біледі. Біз оны құраманы жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз" деді ҚФФ бірінші вице-президенті Саян Хамитжанов.

Оның айтуынша, Красножанмен келісім екі жылға жасалған және ол ары қарай тағы екі жылға ұзартылуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның футбол құрамасын жаттықтырған чехиялық Мирослав Беранекпен жасалған келісім-шарттың мерзімі 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталғаны хабарланған еді.

Қазақстан футбол құрамасын 2002 жылдан бері шетелден шақырылған бес бапкер жаттықтырды.
XS
SM
MD
LG