Accessibility links

Сочидегі алғашқы алтынды АҚШ алды


Cочидегі алып алау. Ресей, 8 ақпан 2014 жыл.
Cочидегі алып алау. Ресей, 8 ақпан 2014 жыл.
Олимпиаданың алғашқы алтын медалін АҚШ-тан келген сноубордшы Сэйдж Коценбург алды. Ол ерлер арасындағы слоупстайл жарысынан сенбі күні жеңіске жетті.

Бұл жарыстан күмісті норвегиялық Сталле Сандбех иеленсе, қола медаль канадалық Марк Макморриске бұйырды.

Ресейдің алтын алады деген спортшылары жарысқа сенбі күні шықпады. Бұл елге алғашқы алтынды конькимен 5 мың метрге жүгіруден Иван Скобрев әпереді деген болжам бар. Скобрев - 2010 жылғы қысқы олимпиаданың қола жүлдегері.
XS
SM
MD
LG