Accessibility links

Мединада қонақ үйдегі өрттен 12 адам өлген


Сауд Арабиясының картасы. (Көрнекі сурет)
Сауд Арабиясының картасы. (Көрнекі сурет)
Сенбі күні Сауд Арабиясының Медина қаласында қонақ үйлердің бірінде өрт шыққан. Өрт салдарынан 12 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шеккен.

Билік өкілдері өрт шыққан қонақ үйде 700-дей адам болғаны туралы хабарлады.

Түстен кейін басталған өртті сөндіру жұмыстары бірнеше сағатқа жалғасқан. Билік орындары өрттің неден шыққанын анықталып жатқанын айтады.

Мұсылмандар арасында Медина исламның таралуына айрықша роль атқарған, Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала саналады.
XS
SM
MD
LG