Ауғанстанның оңтүстік-батысында көлік бомба жарылысына тап болып, көлікте отырған ауғандық жеті әскери қызметші қаза тапты. Ауғанстан қорғаныс министрлігі өкілінің хабарлауынша, жарылыс Фарах провинциясындағы Диларам ауданында болған. Әзірге бұл жарылысқа қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алмаған.
Бүгін Ауғанстанда сапармен жүрген Германия сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайер ауған жерінен шетелдік әскер күші кеткен соң да Германия Кабулға жәрдем беруді жалғастыратын болады деп сендірді.
Бұл үшін Кабул қауіпсіздік туралы АҚШ-пен келісімге қол қоюы қажет деді Германия министрі. Ол келісім 2014 жылдың соңына қарай НАТО басқаруындағы коалициялық күштер Ауғанстаннан шығарылған соң да бұл елде АҚШ-тың шектеулі әскерін қалдыруды көздейді.
Штайнмайер Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен өткізген келіссөздер барысында оны АҚШ-пен қауіпсіздік туралы келісімге тезірек қол қоюға шақырды.
Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштерінің негізгі бөлімдері кеткен соң 600-ден 800-ге дейін германиялық әскери мамандар қалып, ауған полицейлерін машықтандырады.